"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025-2026 оқу жылы Білім күні

1 қыркүйек  - «Мектебім мейірім мекені» салтанатты жиын

 

Білім күні- «Мектебім мейірім мекені» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау, білімге деген құштарлығын арттыру, ұстаздарға құрмет көрсету, ата-аналарды мектеппен ынтымақтастыққа тарту және «Адал азамат» бағдарламасының қыркүйек айындағы тақырыбы – еңбекқорлық пен кәсіби біліктіліктің құндылығын насихаттау.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шығарып, Әнұранды орындаумен ашылды. Мектеп директоры жылы лебізін білдіріп, жаңа оқу жылында табыс тіледі. «Адал азамат» бағдарламасының мәні түсіндіріліп, оқушыларға еңбексүйгіштік пен кәсіби бағыттылықтың маңызы айтылды.

1-сынып оқушылары алғашқы өлеңдерін оқып, қоңырау соғылды. Жоғары сынып оқушылары 1 сынып оқушыларына тілектерін айтып, Әліппе оқулығын табыстады. Ән-би, арнау өлеңдер оқылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Білім күніне арналған мерекелік шара жаңа оқу жылына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, мектеп ұжымын, ата-аналарды және оқушыларды бір арнаға тоғыстырды. Оқушыларға еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылығы насихатталды. «Адал азамат» бағдарламасының қыркүйек айындағы тақырыбы аясында бірлік пен еңбексүйгіштік идеялары кеңінен дәріптелді.

https://www.instagram.com/reel/DODhlEyira0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DODzcCwCvIS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DODzvdrCguL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DOJQJtvigWd/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DOJQYtJCqYC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

 

 

 

 


Текст