Көкшетау қаласы №19 ЖОББМ жылдық жұмыс жоспарына сай 13.11 - 17.11.2023 ж. 4 «А», 4 «Б», 4 «В», 4 «Г» сыныптарында буллингтің алдын алу, қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу,оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату мақсатында «Буллинг дегеніміз не?»тақырыбында психологиялық сағаттар өткізілді. Психологиялық сағат барысында оқушыларға презентация , бейнефильм көрсетілді. Презентация, бейнефильм бойынша оқушылар сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алды. Өздеріде пікірлерін ортаға салды. Жалпы іс-шараларға 82 оқушы және сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог қатысты. Әлеуметтік педагог Ы.С.Жумабаева оқушыларға буллингтің алдын алудың кейбір жағдаяттарды мысалға келтіріп, оның шешу жолдары туралы айтып
Педагог - психолог: Бейсембаева С.Б.