Ұйымдар тізімі
Тақырыбы: «ҰБТ-ға сенімді қадам» психологиялық тренингі
11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ға сенімді қадам тақырыбында тренинг өткізілді.Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың ҰБТ-ға деген сенімділігін арттыру, ішкі қорқыныш пен үрейді төмендету, психологиялық қолдау көрсету және жағымды көңіл-күй қалыптастыру болды.Тренинг барысында барлық оқушылар белсенді қатысып, өздерінің ішкі сезімдерімен бөлісті. Алғашқы кезеңде «Сезімдер шеңбері» арқылы әр оқушы ҰБТ-ға байланысты ойлары мен сезімдерін ашық айтты. Келесі «Қорқынышты жеңу» жаттығуында оқушылар өз бойындағы үрей мен қорқыныштарын қағаз бетіне түсіріп, оны умаждап қоқыс жәшігіне тастау арқылы символикалық түрде арылуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушыларға мотивациялық сөздер таратылып, олардың өз-өзіне деген сенімін арттыруға ықпал жасалды.«Сағат тілі» жаттығуы арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздер мен тілектер жазып, қолдау атмосферасын қалыптастырды. «Пікірлесу шеңбері» кезінде оқушылар ҰБТ-ға дайындық барысындағы ойларымен, жоспарларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты. Тренинг «Бірлігімізбен жетеміз» тақырыбындағы топтық құбыр ойынымен аяқталып, оқушылардың бірлік пен ынтымақтастығы нығайтылды.Тренинг өз мақсатына жетті. Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.

Педагог-психолог: Алтайбаева А.Е.
2025 жылғы мемлекеттік қызмет...