Текст
18 қаңтар күні мектеп президенті Мұзарап Нұрай және фракция көшбасшылары Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Тарихи-өлкетану мұражайы - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу,туған өлкеміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу арқылы тарихи даму кезеңімізге,елімізге белгілі тарихи тұлғаларға құрмет сезімін қалыптастыру және халқымыздың ертеден сақталып келе жатқан салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан сыр шертетін,атадан-балаға мирас болып келе жатырған көне құнды жәдігерлер сақталған бір ғана тарихи-мәдени мекеме.