"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кибербуллинг оқушылардың цифрлық иммунитетін қалыптастырудың инновациялық моделі.

Көкшетау қ. № 19 ЖОББМ

 

                                                      АНЫҚТАМА

Өткізілген күні: 13.05.2026ж

Тақырып: Кибербуллинг оқушылардың цифрлық иммунитетеін қалыптастырудың инновациялық моделі.

Өткізілген орны: Сынып бөлмесі.

Қатысушылар: Әлеуметтік педагог: Шалабаева Ш.К. «7»А, 9 «Б»

Мақсаты: Интерактивті ойын-тренажерін қолдану арқылы оқушыларды интернеттегі қауіп-қатерлер мен кибербуллинг жағдайларында дұрыс әрекет етуге машықтандыру және олардың бойында желілік агрессияға төтеп бере алатын берік «цифрлық иммунитет» қалыптастыру.

Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылды. Алдымен оқушылармен цифрлық ортадағы қарым-қатынас мәдениеті жөнінде пікір алмасу жүргізілді. Кибербуллинг ұғымы түсіндіріліп, оның жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына, өзіне деген сеніміне және әлеуметтік белсенділігіне әсері талқыланды. Іс-шара барысында оқушылар нақты жағдаяттарды талдап, мәселені шешудің жолдарын ұсынды. Олар цифрлық иммунитеттің үш маңызды бағытын меңгерді: ақпаратты саралау, эмоцияны басқару және қауіпсіз әрекет жасау. Нәтижесінде оқушылар интернет кеңістігінде өз ойын жауапкершілікпен жеткізуге, қауіп туындаған жағдайда көмек сұрауға және бір-біріне құрметпен қарауға дағдыланды. Оқушылар ойын тренажоры арқылы өз ойларын толық жеткізді.

Қорытынды:
Іс-шара нәтижесінде оқушылар интернет кеңістігіндегі қауіптерді тануды, кибербуллингке қарсы дұрыс әрекет етуді және жеке мәліметтерді қорғаудың маңызын түсінді. Оқушылардың цифрлық сауаттылығы артып, жауапты онлайн-қарым-қатынас мәдениеті қалыптасты. Бұл жұмыс олардың цифрлық иммунитетін нығайтып, қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етті.

       ​  


Текст