Жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 14.04.2023 жылы облыс мектептерінің мұғалім-логопедтеріне арналған «ЕББҚ бар оқушыларды логопедиялық сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинарының 3-ші күні өтті. Модератор № 17 МГ мұғалім-логопеді, Көкшетау қ. Мұғалім-логопедтер және мұғалім-дефектологтардың әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Бейсенбаева Салтанат Жумагалиевна болды. Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.
№19 ЖОББМ ресурстық орталығының мұғалім-логопедтері Искендирова А.А., Федотова В.Ф., Кульмаганбетова Г.Е. логопедтің ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеудегі құжаттамасын жүргізу, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, ЕББҚ бар оқушыларды логопедиялық сүйемелдеудің жеке-дамытушы бағдарламаларын жасау мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Көкшетау қаласының № 4 ЖОББМ педагог-ассистенті Рахимжанова А. АСБ бар балалармен дұрыс сөйлеу маңыздылығы туралы айтып берді.
Семинар барысында облыс педагог-психологтары ОP бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша қызықтыратын мәселелерді талқылап, осындай семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Орынд.: Жанғали І.Ә.