17.02.2023 ж. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қала мектептерінің 5-6 сыныптары арасында "Әдеби ертегіде қонақта" қалалық байқау-фестивалі ұйымдастырылды.
"№19 ЖОББМ " КММ оқушылары С.Я. Маршактың "Он екі ай" ертегісінің театрландырылған қойылымымен белсенді қатысты.
Қойылымның мақсаты - оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ оқушылардың эстетикалық талғамы мен оқу мәдениетін ашу.
Балалар ертегіні көрсетіп, өздерінің ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін көркем ойнай алды.
"Әдеби ертегіде қонақта" қалалық байқау - фестивалінде оқушыларымыз жүлделі 2 орынға ие болып, 2 дәрежелі дипломмен және 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Театр тобының жетекшілері орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Р. М. Жуманова, М. А. Кулбулдина.