«Баланы мектепке оқуға бейімдеу»
Мектеп педагог-психологы Абдуалиева Р.С. жылдық жұмыс жоспарына сай 22.09 - 24.09.2020 ж аралығында 1 «А», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г» сыныптарында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Тақырыбы: «1 сынып оқушыларының мектепке беймделуі» бойынша ата-аналарға психологиялық кеңес.
Мақсаты: ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы (сенімділік білдіруі, қолдауы, үміт артуы) туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу.
Міндеттері: - Шағын дәріс арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты ақпараттар беру;
- Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу;
- Ата-аналардың баламен қарым-қатынасында, баланың үмітіне балта шабатын сөздерден аулақ болуға кеңес беру.
Жиналыстарда жалпы 45-50 ата-ана қатысты. Жиналыстар табысты, ата-аналар белсенді сұрақтар қойып, жауаптарын алды.
№19 ОМ педагог-психологы: Абдуалиева Р.С.