2025 жылдың 27-31 қаңтары аралығында «Есірткіге жол жоқ!» челленджі ұсынылды.
Челленджді өткізудің мақсаты: балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық денсаулығын нығайтуға, оларды кез келген жаман әдеттерден саналы түрде бас тартуға ынталандыруға, пайдалы іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ оң бастамалар мен іс-шараларға белсенді тарту арқылы есірткі заттарын қолдануға саналы теріс қатынасты қалыптастыруға бағытталған.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес 5-7 сынып оқушылары арасында «Біз есірткіге қарсымыз!» суреттер байқауы ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DFh0oNgMEAD/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
10-сынып оқушылары «Есірткіге жол жоқ!» тақырыбында бейнеролик түсірді. Бейнероликте олар есірткінің адам өміріне қаншалықты зиян, зардабы ауыр екенін айтып, бүгінгі жастарды есірткісіз болашақты таңдауға шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DFdXMmKMu_S/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектеп медбикесі Нугыманова А.А. 8-сыныптарда «Есірткінің адам ағзасына зияны» тақырыбында дәріс өткізіп, оқушыларға есірткінің адам ағзасына әсері, атап айтқанда, адамның ми жасушалары, бауыры, өкпесі, жүрек-тамыр, жүйке жүйелері, ұрпақты болу функциялары бұзылып, гепатит, СПИД және өлімге әкелетін басқа да ауруларға шалдығатыны туралы ақпарат берді.
https://www.instagram.com/p/DFemkXpIISa/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Челлендж өзін өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен өткізілген «Есірткіге жол жоқ!» флешмобымен аяқталды. Флешмобқа мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DFfAftOM6_d/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Орынд. А.Сарсенбаева