"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ИНКЛЮЗИЯ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН ӘЛЕМДІК ШЕШІМДЕР" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР-ТАҒЫЛЫМ ТУРАЛЫ

2024 жылғы 18 желтоқсанда АҚШ-тағы «ХХІ ғасырдағы Инклюзия: білім берудегі жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік шешімдер» халықаралық семинар-тағылымдамаға қатысушылармен кездесуге облыстың жалпы білім беретін мектептерінің директорлары мен балабақша меңгерушілері жиналды.

Ақмола облысының білім басқармасы мен «Global САПА» білім беру орталығының ынтымақтастығы туралы меморандум аясында облыстың 15 педагогы ағымдағы жылдың 29 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Миссури штатының Сент-Луис қаласында өткен «АҚШ-тағы инклюзивті білім беру: тарих, философия және үздік тәжірибелер» халықаралық семинарына қатысты, оның ішінде, № 19 ЖОББМ инклюзивті білім беру үйлестірушісі, мұғалім-дефектолог І.Ә. Жанғали қатысқан. Әріптестер АҚШ-тағы инклюзивті білім берудің негізгі принциптері мен тәсілдерімен танысты, инклюзивті тәсілдерді жүзеге асыратын бірнеше білім беру мекемелеріне барды. Қатысушылар ЕББҚ бар балалар үшін қажетті жағдайларды жасаудың бірнеше маңызды аспектілерін атап өтті – топтық жұмыс, Ата-аналармен өзара әрекеттесу, баланың күшті жақтарына баса назар аудару; қолжетімді білім беру ортасын құруға ықпал ететін тәсілдер мен әдістермен бөлісті.

Жалпы, кездесу, тәжірибе алмасуға және ЕББҚ бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылауға бағытталған.

Орындаған: І.Ә. Жанғали

Жаңартылған күні: 27.12.2024 12:43
Құрылған күні: 27.12.2024 12:43

Текст