Ұйымдар тізімі
Көкшетау қ. № 19 ЖОББМ
АНЫҚТАМА
Тақырыбы: Профилактикалық әңгімелер, дәрістер, ЕББҚ бар оқушылар сыныбында ұжымды біріктіруге арналған тренингтер.
Өткізген күні:18.02.2026ж
Мақсаты: Ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, эмоционалдық күйзелістің алдын алу, ұжымдық ынтымақтастықты нығайту және білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту.
«Эмоционалдық күйіп кетудің алдын алу» тақырыбында жаттығулар жүргізілді;
Ұжымдағы өзара қолдау мен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған топтық тапсырмалар орындалды;
Қиын жағдайдағы оқушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері талқыланды;
Педагогтердің кәсіби мотивациясын арттыруға арналған рефлексия жұмыстары ұйымдастырылды.
Қатысушылар белсенділік танытып, тәжірибе алмасу арқылы өзара қолдау мен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды. Тренинг нәтижесінде ұстаздардың психологиялық көңіл-күйі жақсарып, кәсіби қызметте тиімді әдістерді қолдануға деген ынтасы артты.
Қорытынды: Өткізілген тренинг педагогтердің кәсіби дамуына эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға және мектеп ұжымындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
2025 жылғы мемлекеттік қызмет...