"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Әлімжеттікке жол жоқ!»

«Әлімжеттікке жол жоқ!»

 

   Оқушыларға әлімжеттіктің (буллингтің) не екенін түсіндіру, оның түрлері мен салдары туралы мағлұмат беру. Оқушылар арасында өзара сыйластықты, мейірімділікті, жауапкершілікті қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетуге және әлімжеттікке бейжай қарамауға тәрбиелеу. Қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында   6 «В», 6«А»сынып оқушыларымен «Әлімжеттікке жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Әлімжеттік – бір адамға немесе топқа әдейі жасалатын психологиялық не физикалық қысым. Бұл ешқашан дұрыс әрекет емес екендігін түсіндіріп оқушыларға сұрақтар қойып, постер құрғызып, слайд арқылы түсіндіріп жеткізді. Оқушыларда өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға бірден  жақсы жауап беріп белсене қатысып отырды.

     Дөңгелек үстел барысында оқушылар әлімжеттіктің адам психологиясына және қарым-қатынасқа тигізетін кері әсерін түсінді. Өзара сыйластық пен достықтың маңызын ұғына отырып, кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігін білді. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, қиын жағдайда қалған сыныптастарына көмектесудің маңызын түсінді. Нәтижесінде, сыныпта қауіпсіз, татулыққа негізделген орта қалыптастыруға бағытталған ортақ пікір қалыптасты.

Педагог-психолог:       Алтайбаева А.Е.

                                        Бейсембаева С.Б.


Текст