Жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибені тиімді енгізу үшін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету мақсатында Көкшетау қаласы мектеп мұғалімдеріне арналған оқыту семинарының 2 күніКөкшетау қаласы«№ 13 «ЭКОС экологиялық мектеп-гимназиясы»КММ«ЕББҚ оқушыларға педагог-психологтың психологиялық сүйемелдеуі» тақырыбында өтті. «Көкшетау № 13 ЭКОС ЭМГ»директоры Самбаева Айшолпан Кыдырбаевна мектеппен, мектеп өмірімен таныстырып өтті.ЕББҚ оқушылармен жұмыс жасағанда педагог-психологтың құжаттамасы, бағалау туралы және жеке түзету және дамыту бағдарламалары туралы сұрақтар қарастырылды. №19 ЖОББМ педагог-психологтары Маймескулова О.А., Бейсембаева С.Б.өз тәжірибелерімен бөлісіп, «ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеуде педагог-психологтың құжаттамасын енгізу», «Арнайы білім беру қажеттіліктерін бағалау», «ЕББҚ оқушыларға психологиялық қолдау көрсетуде жеке түзету және дамыту бағдарламалары»тақырыптар қарастырылды. Семинардың соңында «№ 13 «ЭКОС экологиялық мектеп-гимназиясымектеп психологтары Третьякова Л.В. и Абдрахманова Ж.А.тренинг өткізді.
Орындаған: С.Б.Бейсембаева