Ұйымдар тізімі
«Ізгілік толқыны #QamqorBol» республикалық челленджін іске асыру бойынша Көктемгі мейірім апталығы туралы анықтама
20.04 «Ізгілік сабақтары» 1-11 сыныптарда өткізілді. Сабақтардың негізгі мақсаты – оқушылардың бойында адамгершілік, мейірімділік, сыйластық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар ізгі қарым-қатынас, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық көрсету туралы ой бөлісіп, түрлі тәрбиелік тапсырмалар мен пікірталастарға белсенді қатысты.
https://www.instagram.com/reel/DXWq1YpComC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.04 «Өсімдіктерге қамқорлық» челленджі өтті. Челлендж барысында оқушылар гүлдер мен бөлме өсімдіктеріне күтім жасап, оларды суарып, тазалап, өсімдіктерді баптаудың маңыздылығы туралы ақпаратпен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, табиғатты аялау - әр адамның міндеті екенін түсінді.
https://www.instagram.com/reel/DXY1dg4DJze/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21.04 «Қамқор» жобасы аясында 11-сынып оқушылары арасында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты еріктілер акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараның басты мақсаты - оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және қоршаған ортаны қорғауға үлес қосу.
Акция барысында «Түлектердің ағаш егуі» атты экочеллендж өткізілді. Түлектер мектеп аумағында ағаш көшеттерін отырғызып, туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл игі бастама - болашақ ұрпаққа жасалған қамқорлықтың жарқын үлгісі.
Оқушылар табиғатты аялау - әр азаматтың міндеті екенін түсініп, белсенділік танытты. Ағаш отырғызу арқылы олар қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын іс жүзінде дәлелдеді.
https://www.instagram.com/reel/DXZFRGXCtLZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22.04 Қамқор жобасы аясында мектебімізде «Ізгілік қорабы» ұйымдастырылып, оның ішіне үй жануарларына арналған азық-түліктер жиналды. Оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижесінде жиналған көмектер арнайы приютқа жеткізілді. Бұл игі іс - жануарларға деген мейірімділік пен жанашырлықтың айқын көрінісі.
https://www.instagram.com/reel/DXrZmr2CrgM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23.04 Жануарларға жауапкершілік туралы бейнеролик көрсету. Балаларға жануарларға жауапкершілік туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар жануарларға қамқорлық жасау, оларға мейірімді болу және қорғау керектігі туралы түсінік алды.
https://www.instagram.com/reel/DXgGL7Vigld/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20.04-24.04 «Табиғатты қорғау - біздің міндетіміз» видеороликтер челленджі өтті. Челленджтің мақсаты - оқушылардың қоршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктерге деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыру және табиғатты қорғауға шақыру. Іс-шара барысында оқушылар жануарларға қамқорлық жасау, құстарға жем беру, ағаштар мен гүлдерді күтіп-баптау сәттерін бейнеролик арқылы көрсетті. Қатысушылар өздерінің экологиялық мәдениетін танытып, табиғатты аялау – ортақ міндет екенін насихаттады.
https://www.instagram.com/reel/DXgF1l3itHQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DXgBR4yClMK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DXgf3Uiij0l/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
25.04 «Табиғат – біздің ортақ үйіміз» мектеп ауласын тазалау
Мектеп ұжымы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған плоггингке белсенді қатысты. Табиғатты аялау - әр азаматтың ортақ міндеті. Ұжым мүшелері қоршаған ортаны тазарту мақсатында серуендей жүріп, қоқыс жинап, туған жеріміздің тазалығына өз үлестерін қосты.
https://www.instagram.com/reel/DXRbCc8ioA7/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DXgHvvUimKh/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Орындаған: З.К. Темиртасова
2025 жылғы мемлекеттік қызмет...