"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психология әлемінде» тақырыбында апталық

Көкшетау қаласы №19жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың психологиялық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау, оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал ету мақсатында «Психология  әлемінде» тақырыбында апталық басталды.Апталықтың салтанатты ашылуында  оқушылар жоспармен таныстырып, мектеп психологтары қызықты психология жайлы мәліметтер берді. Оқушылардың ұйымдасуымен «Жақсы сөздер ағашы" акциясы тілектер жазылған стикерлер, логикалық ойындар мен жаттығулар орындалды. 

Сонымен қатар апталықтың екінші күні « Бақыт сәтін сыйла» -тақырыбында көркемдік әдістерді қолдану мақсатында акция өтті. І-ІІ ауысым оқушылары мектеп мұғалімдеріне,мектеп қызметкерлеріне жылы,ізгі тілектер жазылған әртүрлі  көркемдік әдістерді қолданып жасалған стикрлер,ашық хаттар сыйлады. «Егер мен  мейірімді болсам, адамдар үшін не істер едім...»тақырыбында оқушылар арасында  ашық микрофон дөңгелек үстел өтті. Оқушылар өз ойларын ортаға салды.

-Бақыт сәтін сыйла» - көркемдік әдістерді қолдану

Үзіліс кезінде оқушылармен ойындар  І-ІІ ауысым оқушылары

Тренинг,ойындар мен жаттығуар

«Егер мен  мейірімді болсам, адамдар үшін не істер едім...» ашық микрофон

 

Жаңартылған күні: 12.12.2024 03:58
Құрылған күні: 12.12.2024 03:58

Текст