Мақсаты: бейімделу проблемаларын азайтуға және жас мұғалімнің кәсіби қызметіне сәтті кіруге көмектесу. 17.10.19 қазан аралығында мектеп психологтары жас мұғалімдерге арналған «Сәттілік жағдайы» тренингін өткізді.
Міндеттері:
1.Жаңадан келген мұғалімдердің балалармен, мұғалімдермен және ата-аналармен қарым-қатынастарын және өзара қарым-қатынастағы қиындықтарын жеңуге жағдай жасау.
2. Педагогтар арасында өзіне деген сенімділікті арттыру.
3. Оқу процесінде қатысушылармен тиімді байланыс орнатуға практикалық көмек көрсету.
Педагог-психолог: Маймескулова О.А.