"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай өткізілген іс-шаралардың орындалуы туралы анықтама

15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай өткізілген іс-шаралардың орындалуы туралы анықтама

 

Мектепте 2025 жылдың 10–13 қараша аралығында Ұлттық валюта күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізілді.

10 қараша күні 1–11 сыныптарда сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Ұлттық валюта – Тәуелсіздіктің нышаны» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушылар теңгенің тарихымен, ел экономикасындағы маңызымен танысты.

https://www.instagram.com/reel/DQ4S68VCtJ3/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA== https://www.instagram.com/p/DQ4TSReirmg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DQ4UzYYCuE4/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DQ4VupdCnFH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DQ5rc8YihFB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

10–14 қараша аралығында кітапханашы Б.Б. Жалмағамбетованың ұйымдастыруымен 5–6 сынып оқушыларына арналған кітап көрмесі өтті. Көрмеде теңгенің шығу тарихы мен экономикалық әдебиеттер таныстырылды.

https://www.instagram.com/p/DQ8doAwChcX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

11 қарашада 4-сынып оқушылары арасында сурет байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұлттық валюта тақырыбындағы суреттер салды.

https://www.instagram.com/reel/DQ_MzzrCh_q/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

12 қараша күні «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г» сыныптары арасында «Білімімді Отаныма арнаймын!» атты зияткерлік ойын өтті. Іс-шараны 9 сынып жетекшілері Қайныкен А.К., Курманбаева А.Т., Амержанова Ш.Б., Есенжолова А.А. өткізді. Оқушылар экономикалық білімдерін және логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Ойын барысында оқушылар өз білімдерін сынап, ой ұшқырлығын, тапқырлығын көрсетті. 

         https://www.instagram.com/reel/DQ_iHXBijrB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=NTc4MTIwNjQ2YQ==

13 қараша күні «Smart bala» жобасы аясында 7 сынып оқушыларына арналған «Startup» байқауын мектеп тәлімгері Утебаева Д.Б. мен өзін-өзі басқару ұйымымен біріге өткізді. Оқушылар өз бизнес идеяларын қорғап, үздіктер марапатталды. https://www.instagram.com/reel/DRCIxidjMpl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Жалпы барлық жоспарланған іс-шаралар сапалы деңгейде орындалды. Оқушылардың белсенділігі жоғары болып, ұлттық валютаның ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығының символы ретіндегі маңызын ұғынуға мүмкіндік алды.

 

Орындаған: А.К. Таттыгожина


Текст