16.02.2023 жылы Көкшетау қаласындағы №17 мектеп-гимназия базасында қала мектептерінің «сөйлеуді дамыту» арнайы сыныптарында түзету компоненті мұғалімдеріне мен логопед-мұғалімдерге арналған «ЕББҚ бар оқушыларды логопедиялық сүйемелдеу» тақырыбы бойынша оқыту семинарының 3-ші күні өткізілді. Іс-шараға қалалық білім бөлімінің инклюзивті білім беру мәселелері жөніндегі әдіскері Гүлнар Өмірбекқызы Жайлауова қатысты. Көкшетау қаласындағы № 17 мектеп-гимназиясының директоры Хасенова Раушан Серікқызы алғы сөз сөйледі, семинардың модераторы логопед-мұғалімдердің, дефектолог-мұғалімдердің ҚӘБ жетекшісі Бейсембаева Салтанат Жұмағалиқызы болды. Семинарда мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру, мектепте логопед-мұғалімнің құжаттамасын енгізу, логопедтің оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау алгоритмдері, ЕББҚ бар балаларды логопедиялық сүйемелдеудің жеке түзету-дамыту бағдарламалары қарастырылды.
Орынд.: Федотова В.Ф.