«LD battle» пікірсайыс турнирін өткізу туралы ақпарат
Қазіргі таңда оқушыларға маңызды мәселелерді жете және ғылыми талдай алу қабілеті қажет. Осыған орай жалпы білім беретін мектепте қосымша «Дебат» үйірмесінің білім беруде маңызы зор. Оқушылардың еліміздегі патриоттық бағытта жүзеге асырылып жатқан игі істер мен айтулы шаралар, бағыттар туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектебімізде «Болашақ» дебаттық клубы құрылды. Клуб жетекшілері тарих пәнінің мұғалімдері Байсалбаев Заманбек Аргынович, Каирбеков Ербол Ерланович. Дебат клубының бағдарламасы бекітіліп, құрамы анықталды.
2023 жылғы 12 қыркүйекте «Мектеп формасының тиімді, тиімсіз жақтары» тақырыбында орыс лигасында дебат өтті. Ұйымдастырушы Байсалбаев З.А.
Сайысқа 11 «Г» сынып оқушылары белсене қатысып, тақырыпты жан жақты аша білді. Қолдаушы топ мектепте мектеп формасын талап ету керек десе, қарсы топ мектеп формасы керек емес деген пікірді ұстанды. Өте қызу пікірталас өтті.