Ұйымдар тізімі
2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есеп
1. Жалпы ережелер
1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Центральный 40 ықшамауданы
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 9 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2025 жылы мектебіміз 443 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Оның ішінде:
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 25 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 25 – электрондық форматта және 0 – қағаз форматында.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат
Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;
«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау (оқуға қабылдау)».
2. Қызмет алушылармен жұмыс
1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер
Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат мектебіміздің ресми интернет-ресур https://sh19.edu.kz/news/open/id-15709669 «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Сондай-ақ ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
2025 жылы 9 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 8 жарияланым, инстаграммда 1 сөз сөйлеу
Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау
1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат
2025 жыл ішінде мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері
Ішкі мемлекеттік бақылаудың бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес мектебімізде 2 бақылау іс-шарасы өткізілді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері
2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сіне қатысты ескертулер жоқ.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары
Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:
2025 жылғы мемлекеттік қызмет...