Жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибелерді тиімді енгізу бойынша мектеп педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында 13.04.2023 жылы облыс мектептерінің педагог-психологтарына арналған «Педагог-психологпен оқушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында оқыту семинарының 2-ші күні өтті. Модератор Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Инара Ибраимовна Ермұханова болды. Семинарға инклюзивті білім беруге жетекшілік ететін аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты.
№19 ЖОББМ ресурстық орталығының педагог-психологтары Ольга Алексеевна Маймескулова мен Сайран Баймаганбетовна Бейсембаева педагог-психологтың ЕББҚ бар оқушылармен жұмыс істеудегі құжаттамасын жүргізу, ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау, ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық сүйемелдеудің жеке-дамытушы бағдарламаларын жасау мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Көкшетау қаласының № 4 ЖОББМ педагог-психологы М. Б. Қапанова «АСБ бар балаларды әлеуметтендірудің» маңыздылығы туралы айтып берді. Щучинск қаласының № 10 МГ педагог-психологы, Бурабай ауданының педагог-психологтары ӘБ басшысы М.В. Лазаренко «Мектеп-интернат жағдайында ЕББҚ бар оқушыларды әлеуметтендіру және бейімдеу» туралы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Әлеуметтік педагогтың жұмысы туралы Көкшетау қаласының № 19 ЖОББМ әлеуметтік педагогы Жұмабаева Ырысты Серикбаевна, «ЕББҚ бар оқушыларды әлеуметтік педагогтың сүйемелдеуі» бойынша таныстырды.
Семинар барысында облыс педагог-психологтары ОP бар балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша қызықтыратын мәселелерді талқылап, осындай семинарларды өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Орынд.: Бейсенбаева С.Б.