№ 19 жалпы орта білім беретін мектептің инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық Ресурстық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жалпы білім беру процесіне инклюзивті тәжірибені тиімді енгізу үшін мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ықпал ету мақсатында 2023 жылдың 14-22 ақпан аралығында қалалық мектеп педагогтері үшін «ЕББҚ бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты қалалық оқыту семинарлар серияларын тірек мектептер базасында (№ 19, № 17, № 14, № 4, № 18 мектептерінде) өткізу жоспарлануда.
14.02.2023 жылы мектепте ««ЕББҚ оқушыларды оқытуда және тәрбиелеуде оқу үрдісін ұйымдастыру және бақылау» тақырыбы бойынша қала мектептері директорларының орынбасарлары үшін 1-ші күн оқыту семинары өткізілді. Іс-шараға инклюзивті білім беру мәселелері бойынша қалалық білім бөлімінің әдіскері Жайлауова Гүлнар Өмірбекқызы қатысты. Семинарда мектептегі психологиялық-педагогикалық қолдау қызметін ұйымдастыру, ақысыз үйде оқытуды ұйымдстыру және бақылау сұрақтары, оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау алгоритмдері қарастырылды.
Орынд.: Айткожина Ж.К.