"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Өзіңе сен!» тренинг элементтері бар жаттығулар

«Өзіңе сен!» тренинг элементтері бар жаттығулар

 

 9–10 сынып оқушыларымен «Өзіңе сен!» тақырыбында сенімділікті арттыруға арналған психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, ішкі қобалжу мен сенімсіздікті төмендету, еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру болды.Тренинг барысында оқушылар түрлі қызықты жаттығулар орындап, өз ойларын еркін жеткізуге, бір-бірін қолдауға және өздерінің жақсы қасиеттерін анықтауға мүмкіндік алды.Сонымен қатар оқушылардан өзіне деген сенімділік деңгейін анықтауға бағытталған сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың өзін бағалауы, қарым-қатынас кезіндегі еркіндігі және өз мүмкіндіктеріне деген көзқарастары сараланды.Іс-шара барысында оқушылар белсенді қатысып, жағымды көңіл күй қалыптасты. Тренинг оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға оң әсерін тигізді.

        

 

Педагог-психолог: Алтайбаева А.Е.


Текст