"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің апталығын өткізу туралы анықтама

2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің апталығын өткізу туралы анықтама

 

№ 19 жалпы орта білім беретін мектебінің психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мамандары 2025 жылдың 7-11 сәуір аралығында психологиялық педагогикалық қолдау қызметінің апталығын өткізді.

Мақсаты: арнайы мамандар мен мектеп педагогтері арасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды оқыту бойынша өзекті мәселелерді талқылау, тәжірибе тараты және өзін-өзі жетілдіру.

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, педагогтері, арнайы мамандар, ата-аналар.

Апталық келесі бекітілген жоспар бойынша өткізілді:

№ пп

Жұмыс мазмұны

Күні, уақыты

Кабинет

Жауапты

1

ППҚҚ апталығының ашылуы

07.04.2025 ж.

7:30-8:00

Фойе

ППҚҚ мамандары

2

ЕББҚ  бар оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналар мен педагогтерге әдістемелік кеңестер өткізу

07-11.2025 ж. (жеке жоспар бойынша)

117

ППҚҚ мамандары

3

8 Б сынып. Түзету-дамытушы жеке психологиялық жеке сабақ

08.04.2025 ж. 8:00

116

Шакенова К.Н.

4

7 Б сынып. «Қабылдауды дамыту» психологиялық жеке сабақ

08.04.2025 ж. 15:00

116

Әйтен А.С.

5

2 Д сынып. Тіл дамыту сабағы «Дені саудың тілі сау!»

08.04.2025 ж. 18:30

117

Тайжанова С.С.

6

8 Б сынып. Сабақтан тыс іс-шара «Үзілістегі ойындар»

09.04.2025 ж.

11:25

3 қабат

Шахманова А.К.

7

6 Г сынып. «Құрмет көздері» атты тренинг өткізу

09.04.2025 ж.

14:50

320

Кайрушева Д.А., Таттыгожина А.К.

8

2 Ж сынып. "Қиялды, ойлауды дамыту" психологиялық топтық сабақ

10.04.2025 ж.

12:30

117

Бейсембаева С.А.

9

1 Д сынып. Жеке түзету-дамытушылық сабақ

11.04.2025 ж.

11:40

117

Абдуалиева Р.С.

10

Суреттер байқауы. ППҚҚ апталығының жабылуы.

11.04.2025 ж.

13:00

117

ППҚҚ мамандары

 

07.04.2025 жылы мектептің фойесінде ППҚҚ ашылуы өткізілді. Бұл іс-шарада ППҚҚ мамандары оқушылар мен мұғалімдер үшін әр-түрлі тапсырмалар, ойындар дайындады, ППҚҚ стенді безендірілді.

ППҚҚ апталығының ашылу іс-шарасы

08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Шакенова К.Н. 8 «Б» сынып оқушысымен (Усербаев Муса) жеке түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: логикалық ойлауын дамыту. Кеңістіктік және конструктивті ойлауды дамыту, зейінді шоғырландыру. Оқу мақсаты: логикалық ойлауды дамыту. 

Педагог-психолог Шакенова К.Н. сабағынан үзінді

08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Әйтен А.С. 7 «Б» сынып оқушысымен (Джаппар Әселім) жеке түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: «Қабылдау қабілеті». Сабақтың мақсаты тыңдап қабылдауды, көріп қабылдауды, кеңістікте қабылдауды жетілдіру; қабылдай отырып есті жаңғырту, жаттықтыру; ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баулу. 

Педагог-психолог Әйтен А.С. сабағынан үзінді

08.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Тайжанова С.С. 2 «Д» сөйлеудің күрделі кемістіктері бар оқушылар үшін арнайы сыныпта Сөйлеу тілінің даму кемшіліктерін түзету сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: «Дені саудың - жаны сау!». Сабақтың мақсаты: буындық құрамының күрделігі, әртүрлі тұтас сөздерді оқу. Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау.

Мұғалім-логопед Тайжанова С.С. сабағынан үзінді

09.04.2025 жылы мектептің педагог-ассистенті Шахманова А.К. 8 «Б» сынып оқушыларымен жеке сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара тақырыбы: «Қызықты үзіліс». Іс-шара мақсаты: сүйемелдейтін оқушыны қарым-қатынас жасауға үйрету, дамыту, оқушылардың ерекше қажеттіліктер бар оқушылардың жеке мүмкіндіктерін, қиындықтарын ескеру, толеранттықты таныту.

Педагог-ассистент Шахманова А.К. іс-шарасынан үзінді

09.04.2025 жылы мектептің әлеуметтік педагогы Кайрушева Д.А. 6 «Г», 6 «Б» -сыныптарында «Құрмет көздері» тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылар «Ойла» және «Портрет» жаттығулары арқылы айналасындағы адамдарға құрметпен қараудың маңыздылығын талқылап, құрметтемеушілік көріністерін танып, сындарлы қарым-қатынас жолдарын іздестірудің жолдарын үйренді.

Әлеуметтік педгог Кайрушева Д.А. тренингтен үзінді

10.04.2025 жылы мектептің педагог-психологы Бейсембаева С.Б. 2 «Ж» ПДТ бар балалар үшін арнайы сынып оқушыларымен түзету-дамытушылық сабағын өткізді. Сабақ тақырыбы: Қиял, ойлау, есте сақтауды дамыту. Оқу мақсаты: ойын арқылы шығармашылық, стандартты емес ойлауды дамытуға ықпал етеді, баланың сөздік қорын байытып, сөйлеуін мәнерлі және эмоционалды етуге үйрету. Қиял ойындарын кез-келген жағдайлар арқылы өткізілді.

Педагог-психолог Бейсембаева С.Б. сабағынан үзінді

11.04.2025 жылы мектептің педагог-ассистенті Абдуалиева Р.С. 1 «Д» сынып оқушымен (Серік Сұлтан) жеке түзету-дамытушылық сабақ өткізді. Сабақ тақырыбы: «Үй жануарлары». Сабақ мақсаты: ойлау процестерін, қарым-қатынас дағдыларын, сөйлеу элементтерін қалыптастыру.

Педагог-ассистент Абдуалиева Р.С. сабағынан үзінді

Орындаған І.Ә. Жанғали

 


Текст