"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету» тақырыбы бойынша Ақмола облысының мектеп педагогтеріне арналған семинарлар сериясы туралы

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және жалпы білім беретін мектепте балаларға қолдау көрсету» тақырыбы бойынша Ақмола облысының мектеп педагогтеріне арналған семинарлар сериясы туралы

 

Жыл сайын Көкшетау қ. № 19 ЖОББМ инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталық пен облыстық әдістемелік орталық бірлесіп «Жалпы білім беретін мектептегі ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау және қолдау көрсету» атты оқыту вебинарларының сериясын өткізеді.
Вебинардың бірінші күніне Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Инклюзивті білім беру орталығының аға ғылыми қызметкері С. Исмагулова, Ақмола облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бастығының жетекші маманы Искакова Г., сондай-ақ Ақмола облысы мектептерінің әкімшілігі қатысты.

Іс-шара барысында инклюзивті саясатты жүзеге асырудың негізгі аспектілері қарастырылды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар тұлғалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша бақылау әдістері, мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу үдерісі талқыланды. Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі облыстық ресурстық орталық базасындағы Көкшетау қаласының №19 мектебінде және инклюзивті практикаларды енгізу бойынша тірек мектебі болып табылатын №14 мектепте co-teaching (бірлескен оқыту) моделін енгізу жобасы ұсынылды.

Орынд.: Жанғали І.Ә.


Текст