15 қараша – ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА күніне орай жоспарланған
іс-шаралардың өтуі туралы ақпарат
11- қараша күні «15 қараша - Ұлттық валюта күніне» орай тәрбие сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушылар төл теңгеміздің шығу тарихымен, ұлттық валютамыздың жасалу ерекшеліктерімен, бейнеленген суреттердің мән-мағынасымен танысты.
https://www.instagram.com/reel/DCS-G1UoAyN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DCRG95cs2qX/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DCRGmCOsYHL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апта бойы кітапханада «Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі - теңгемен, Қазақстанның ұлттық теңгеге көшу тарихымен танысты.
Сонымен қатар ұлттық теңгенің пайда болу тарихы және ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны, оның безендірілуі туралы мағлұмат берілді.
https://www.instagram.com/p/DCYVYMSoHxe/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апталық аясында 5-6 сынып оқушылары арасында теңгенің енгізілуінің тарихи кезеңдері, алғашқы банкноттардың бейнесін бейнелеу мақсатында «Ұлттық теңге – ел тәуелсіздігінің символы» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.
13 қараша күні 10А, 10Б, 10В сыныптарында «Қазақстан Республикасының валюта күніне» орай «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны өтті. Ойын барысында оқушыларға ұлттық валютаның еліміздің экономикасындағы рөлі туралы мағлұматтар беріліп, ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін оятып, экономикалық білімдерін кеңейту көзделді. Оқушылар жүлделі орындармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/DCYSvdVoYgC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
14 қараша күні 7 сынып оқушыларымен “Smart bala” жобасы аясында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен “Startup “байқауы өтті.
https://www.instagram.com/reel/DCV8HSgsH-7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы “Ұлттық валюта-теңге күніне”орай қаржылық сауаттылық жайлы оқушылар арасында сұхбат алды. Мақсаты: оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту, өз Отаны Қазақстанға мақтаныш сезімін ояту.
https://www.instagram.com/reel/DCfFEwlMrT7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==