Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі бойынша өткізілген тренингтер анықтамасы
Мектеп педагог-психологы Абдуалиева Р.С. жылдық жұмыс жоспарына сай 05.10 - 09.10.2020 ж аралығында 1 «А», 1 «Б», 1 «В», 1 «Г» сыныптарында тренигтер өткізілді. Жалпы тренингттерге 79 оқушы қатысты.
Тақырыбы: «Кел танысайық»-«Алақай! Мен оқушымын»- «Мектеп өмірінің ережесі» (Мектепке бейімделуге арналған тренингтер)
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларын мектеп өмірі ережелерімен таныстыру.Ынтымақтастық дағдыларын, бір-біріне деген сенімді қатынастарын, ұжымның ұйымшылдығын дамыту.
Міндеттері: - достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, балаларға өздерін, күшті жақтарын білуге, белгісіздіктерді жеңуге көмектесу; - қатысушыларға әрқайсысын басқалардың алдында бір-бірімен жақсы танысуға мүмкіндік беру.