Анықтама
Наурыз мерекесіне арналған іс шаралардың орындалуы
Наурыз – ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын, бірлік пен ынтымақты нығайта түсетін ізгі мейрам. Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 14-23 наурыз аралығындағы мектепте ұлттық тәрбиеге бағытталған «Наурызнама» онкүндігі өткізілді.
«Наурызнаманың» алғашқы күні 14 наурыз – Көрісу күні, Амал мерекесі. Бұл күні туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге арнайы барып сәлем беру, құрмет көрсету, құттықтау амалдары жасалады. Оқушылар арасында «Сәлем – сыйластықтың бастауы» флешмобы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DV0PLtOii8M/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DV0WyFTiuYE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
15 наурыз – «Қайырымдылық күні» аясында 5–11 сыныптар арасында «Бір күн – бір игі іс» челленджі өткізілді. Шара барысында сынып оқушылары қайырымдылық акциясына белсене қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жан-жақты көмек көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DV5cxRAjItu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
16 наурыз – «Шаңырақ күні» аясында 1–8 сыныптарда «Наурыз бата» беру рәсімдері ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға ұлттық салт-дәстүрдің маңызы түсіндіріліп, үлкендердің ақ батасын алу дәстүрі насихатталды. Оқушылар өз кезегінде жаттаған баталарын айтып, ізгі тілектерін білдірді.
https://www.instagram.com/reel/DV8rq2ICpDF/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сонымен қатар, 1–11 сыныптарда «Наурыз – жыл басы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы, мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелік мән берілді. Оқушылар түрлі танымдық тапсырмалар орындап, өз ойларымен бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DV8nG1EivVr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні» орай 1-сыныптар арасында «Наурызым – дәстүрлі ізгілім» мерекелік іс-шарасы және 8–11 сыныптарда «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DWA4iDyCjPZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DV-gy9airu8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Апта бойы «Ұлттық киім күні» аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Ұлттық киім – ұлттың сәні» челленджі ұйымдастырылды. Челлендж барысында оқушылар ұлттық киім үлгілерін насихаттап, заманауи үлгіде үйлестіре отырып, фото және бейнематериалдар дайындады. Бұл шара оқушылардың ұлттық киімге деген қызығушылығын арттырып, ата-баба мұрасына деген құрметін қалыптастыруға ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DVyPPKFCr2p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DV0PBXlCs5n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DWBi7U9jHzS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DWBx8Cmijba/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сонымен қатар, 18 наурыз күні бірқатар тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 5–6 сыныптар арасында «Наурыз – аруы 2026» байқауы ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін, сұлулығы мен тапқырлығын, ұлттық салт-дәстүрге деген білімдерін көрсетті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрып, қатысушылар ұлттық киім үлгісін таныстыру, өнер көрсету, сұрақ-жауап сияқты сындардан өтті.
https://www.instagram.com/reel/DWDd81hCskj/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Сондай-ақ, 5–11 сыныптар арасында қазақтың ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырды.
https://www.instagram.com/reel/DWDVAuPiiDS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
7-сыныптар арасында «Ұлттық киім – ұлттың коды» атты заманауи стильдегі сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар ұлттық киім элементтерін қазіргі сәнмен үйлестіре отырып, тың идеяларын ұсынды. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, ұлттық нақыштағы киімдердің бүгінгі күндегі маңызын дәлелдеп көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/DWDn-wvCliW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Жаңару күні» аясында мектеп кітапханасында «Наурыз – көктем мен жаңару мерекесі» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/p/DWAymbeCr5A/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» шеңберінде 3–11 сыныптар арасында ұлттық ойындар (бес асық), 3–4 сыныптар арасында «Ұлы дала ойындары» спорттық сайыстары өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DWEAWSmCu9n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DWGByRfCs-p/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
20 наурыз – «Ұлттық спорт» күніне орай «Бес асық» қазақтың ұлттық ойыны бойынша Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енуге бағытталған ірі іс шараға мектебіміздің 50 оқушысы белсене қатысты. Бір алаңда 1500 –ге жуық оқушы жиналып, «Бес асық» ойынын бір мезетте ойнады. Іс шараның мақсаты – ұлттық ойындарды жаңа деңгейге көтер, қазақ халқының мәдени мұрасын кеңінен насихаттау және жас ұрпақты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіру болды.
https://www.instagram.com/reel/DV_Dj7XCkfv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
21 наурыз – «Ынтымақ күні» аясында «Бір шаңырақ астында» атты отбасылық челлендж ұйымдастырылды. Челлендждің мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және бірлік пен татулықты насихаттау болды.
https://www.instagram.com/reel/DWIebWRiiVz/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
22 наурыз – «Жыл басы» күніне орай оқушылар тарапынан мерекелік бейнеқұттықтаулар әзірленді. Оқушылар Наурыз мейрамының маңызын, ізгі тілектер мен жылы лебіздерін жеткізіп, шығармашылық тұрғыда құттықтау видеолар түсірді.
https://www.instagram.com/reel/DWAv3svCiFK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DWIkyUNimAx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
23 наурыз – «Тазару күні» аясында 5–6 сынып оқушылары арасында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушыларға табиғатты аялау, энергияны үнемдеу, қоршаған ортаны ластамау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DWOgJfcio87/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/DV-gnOiilss/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жалпы, «Наурызнама» онкүндігі аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға, сондай-ақ бірлік, татулық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға зор ықпал етті.
Орындаған: Таттыгожина А.К.