"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көктемгі каникулға арналған іс-шаралардың орындалуы

Анықтама

Көктемгі каникулға арналған іс-шаралардың орындалуы

 

Көктемгі каникулға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылдың 18–27 наурыз аралығында мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында бірқатар тәрбиелік іс-шаралар өткізілді.

18.03.2026 күні 1–11 сынып оқушыларына «Қауіпсіз демалыс» тақырыбында көктемгі каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқаулықтар берілді. Нұсқаулық барысында жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, су айдындарындағы қауіпсіздік, сондай-ақ қоғамдық орындардағы тәртіп сақтау мәселелері түсіндірілді.

5–11 сынып оқушылары «Күй күмбірі» республикалық челленджіне қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуге өз үлестерін қосты. Аталған іс-шараға мектебіміздің домбырашылар ансамблі қатысты». Оқушылар күй тыңдап, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттырды.

https://www.instagram.com/reel/DWDl4LtirJC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DWDl94oiqrE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

20.03.2026 күні 5–11 сыныптар арасында ұлттық ойындар (асық ату, арқан тарту, бес асық, тоғызқұмалақ) ұйымдастырылып, спорт залда өткізілді. Іс-шара барысында оқушылардың ептілігі, шапшаңдығы мен ұлттық ойындарға деген қызығушылығы байқалды.

https://www.instagram.com/reel/DV8exRdivMP/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

26.03.2026 күні «Демалыста оқуға шақыру» акциясы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында отбасылық оқу ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасыларымен бірге кітап оқып, оқыған шығармалары бойынша ой бөлісті.

https://www.instagram.com/reel/DWVpEO6iv1n/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/DWVpIzDCny7/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

27.03.2026 күні «Біз спортшы боламыз!» тақырыбында спорттық жарыс өткізіліп, оқушылар белсенді қатысып, өздерінің спорттық қабілеттерін көрсетті. Жарыс барысында командалық рух, ұйымшылдық және салауатты өмір салтын ұстану дағдылары қалыптасты.

Жалпы, өткізілген іс-шаралар жоспарға сәйкес толық көлемде жүзеге асырылды. Оқушылардың белсенділігі жоғары деңгейде болып, барлық жұмыстар өз уақытында орындалды. Іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және дене белсенділігін арттыруға оң ықпал етті.

 

Орындаған: Таттыгожина А.К.


Текст