Текст
Қарашаның 8-і күні Астана қаласындағы М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің оқытушысы 9-11 сынып оқушыларымен кездесті. Кәсіби бағдар жұмыстарын жасау мақсатында білім алушылармен сұхбат жүргізді. Білім алушыларға кәсіби бағдар беру – жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында білім алушылар мамандықтар әлемімен танысты. Білім алушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті туралы жан-жақты мәлімет берілді, білім алушыларға университет жайында брошюралар таратылды, бейнеролик көрсетілді.