Текст
Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар! Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтың сүйікті мерекесіне айналды.
Бәріңізді көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз күні ойға алған барлық арман-мұраттарыңыз орындалып, үміттеріңіз ақталуға жазсын! Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ақ мол, жыл ырысты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!