Текст
Ұйымдар тізімі
10.02.2026
2026 жылдың 10 ақпанында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде жазушы, журналист, қоғам қайраткері Жанайдар Баймырзаұлы Мусиннің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық Жанайдар Мусин атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің 11-сынып оқушысы Искакова Аяулым көркемсөз оқу шеберлігімен ерекшеленіп, жүлделі II орынға ие болды.
Жас өнерпазды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы шығармашылық байқауларда сәттілік тілейміз!
Пән мұғалімі: Тайлакова Ләйлагүл Хаберқызы