"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау – жаңа кезеңге жол ашады

10.09.2019

Жолдау – жаңа кезеңге жол ашады

 

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін экономикалық-әлеуметтік дамудың маңызды екендігі айтпасақ та түсінікті. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының қоғамдық дамуда алар маңызы зор.

Бұл Жолдауда мемлекет басшысы«әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі» деп атап өтеді.Мемлекеттің экономикалық дамуы қалыпты болуы үшін, ол елде бейбітшілік пен бірлік болуы керек.Осыған орай, саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек.Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет деп айта келе, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп нық айтты. Шынымен қазақ тілінің өз заңды мәртебесіне ие бола алмай келе жатқаны  белгілі жағдай. Енді бұл мәселені мемлекет басшысы қолға алса, жағдай жөнделер деген үмітіміз зор.

Сонымен қатар, шикізаттық бағыттағы экономикадан бас тартып, өндіруші бағыттағы экономикаға көшу қажет дейді. Бұл да халықтың көңілінде жүрген жайт. Шет елдерге шикізат көзін беріп, олардың өндірген өнімін бірнеше есе қымбат бағамен сатып алу, біздің экономикамызды оларға тәуелді етеді. Сондықтан болашақты ойлаған мемлекет басшысының бұл айтқаны орындалса, көптеген жұмыс орындары да ашылып, экономикамыз нығаяр деп ойлаймыз.

Тағы бір атап өтетін маңызды нәрсе, мемлекет басшысы әлеуметтік мәселелерге көп назар аударған. Оның ішінде, білім саласына қатысты, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты жою туралы, педагог кадрлардың тапшылығы, дарынды балаларды оқытудағы мәселелерді, ұстаз мәртебесін көтеру, сонымен қатар бұрын мұндай жоғары мінбеден айтылмаған, оқулық сапасы туралы мәселелерді кеңінен қарастырған.

Бұл соңғы мәселелер, ұстаздар қауымы үшін    аса маңызды. Бұл білім саласындағы мәселелерді тиісті деңгейде қарастырып, Президенттің басшылығымен өз шешімін табады деп сенім білдіргіміз келеді. Біз, ұстаздар қауымы, Жолдау – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңге жол ашады мемлекет басшысына үміт артамыз!

 

Тарих және құқық мұғалімі: Бухарбаева Индира Абеновна

Просмотров: 838


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст