"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне арналған онкүндіктің өтілу жұмысының анықтамасы

09.10.2019

«№19 орта мектебі» КММ

Қазақстан Республикасы халқының тілдер күні мерекесіне арналған онкүндіктің өтілу жұмысының анықтамасы

2019-2020 оқу жылы

Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов

   Қыркүйектің 5- 18 күні аралығында мектебімізде Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесіне арналған онкүндігі  өтті. Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына халқының қадір- қасиетін сіңіріп, өз ана тілін жетік меңгеріп, ұшқыр да шешен сөйлеуге баулу, қасиетті ана тілін қастерлеуге, тіл мәртебесін көтеру. Аталған мақсаттарды жүзеге асыру  мақсатында гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің, бастауыш сынып мұғалімдерінің, денешынықтыру мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен түрлі  мектепішілік іс- шаралар ұйымдастырылды. «Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» онкүндіктің ашылу салтанаты, «Тіл ұлттың сүйенетін тамыры» кітап көрмесі, «Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» сурет байқауы, «Тиімді тілдік орта»- Асық-ату, тоғызқұмалақ және футбол ойындарынан жарыстар ұйымдастырылып,  Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойларына орай өмірі мен шығармашылығына арналған  «Үш бәйтерегім» атты ақпараттық-танымдық кеш,  Абай Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай – дана, Абай - дара қазақта» сайысы,  «Латын графикасына көшу рухани жаңғырудың басты бағыты» дөңгелек үстел және т.б. шаралар өтті.  Мерекелік іс-шара салтанатты жиынмен ашылып өз жалғасын тапты. Жоспарланған іс- шаралар бекітілген жоспармен өткізіліп отырылды.

 

    Мектебімізде 10-қыркүйек күні денешынықтыру мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тиімді тілдік орта» қалыптастыру мақсатымен футбол, тоғызқұмалақ, асық ату жарыстары өтті.

  

5-6-сыныптар арасында өткен асық ату, тоғызқұмалақ  сайысынан көріністер

     

«Ұлттарды біріктірген – ұлы тіл» сурет байқауын бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі Адилова Л.Т. ұйымдастырды.

Сурет сайысының жеңімпаздары: Болатова А., Даулетхан Алиби, Кадирминов Адиль, Куандыкова Еркежан, Саинова Алинура

Қыркүйектің 16-сы күні Бекен Ж.А., Тогубаева А. К., Куанышева А.Ж.ұйымдастыруларымен «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты бағыты» тақырыбында пікірталас  сабағы өткізілді. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсаты көзделді.

   «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты бағыты» атты пікірталас сабағынан көріністер.

  

   Қыркүйектің 18- і күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі  Хабибулла Ләйлагүл Хаберқызының ұйымдастыруымен  «Абай-дана, Абай дара қазақта»  атты сайыс сабақ өткізілді. Сайыс сабақ барысында Абай шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығарамашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту; мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру,ой-өрісін,ойлау -қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту мақсаты көзделді. Сайыс сабаққа

7-8 сынып оқушылары қатысты. 8 сынып оқушылары  135 ұпай жинай отырып, I  орынға ие болды. Ал 7 сынып оқушылары 120 ұпаймен II  орынға ие болды.

«Абай-дана, Абай - дара қазақта»  атты сайыс сабақтан үзінді суреттер.

 

 

10-11 сыныптар арасында «Менің тілім – менің мақтанышым» атты шығармалар сайысы өтті. Оқушылар ана сүтімен бойына дарыған ана тілге деген мақтаныш сезімін жан-жақты жазуға тырысқан. Сайыс жеңімпазы ретінде 3 оқушы таңдалып алынды. Олар: І орынға Алимжан Елжас, ІІ орынға Тұрғынбек Еркебұлан, ІІІ орынға Кусаинова Эльмира иеленді.  

«Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі» онкүндіктің жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Ақындарымыздың ана тілі туралы жыр шашуларынан өлеңдер оқылып, оқушылардың ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыратындай рухқа толы «Атамекен», «Қазағым» әндері орындалды. 

 

Просмотров: 2382


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст