"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа 2023 жыл құтты болсын!

30.12.2022

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Сіздерді  келе жатқан жаңа 2023 жылмен құттықтаймыз. Жаңа жыл - өзімен бірге қашанда сән-салтанат пен шаттық, келешекке деген сенім мен үміт әкелетін ғажайып мереке, өткенімізді саралап, келешекті бағамдайтын маңызды сәт.
Жаңа жыл босағаларыңыздан ырыс пен берекенің бастауы, жақсылық пен қуаныштың жаршысы болып аттасын. Келер жылда ұшқыр арман-мақсаттарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалсын.
Жаңа жыл еліміздің білім саласын әлемдік деңгейге жеткізу жолында еңбектеніп жүрген баршаңызға тың шығармашылық ойлар, жоғары кәсіби жетістіктер, жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар жылы болсын.
Мықты денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға амандық, тамаша көңіл-күй тілейміз. Еліміз аман, іргеміз бүтін, жеріміз тыныш болып, Отанымыз өркендей берсін!

Просмотров: 433


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст