Мектебімізде «Балғыншақ» жазғы сауықтыру алаңының жұмысы ұйымдастырылды.
Жазғы сауықтыру алаңының мақсаты:
Жазғы мезгілде оқушылардың бос уақыттарын қызықты етіп ұйымдастыру.
Мектеп жанындағы жазғы сауықтыру алаңында жұмыс істейтін мұғалімдер тізімі, жоспары құрылып, директормен бекітілді.
Лагерь екі ауысымда жұмыс істейді: 1 ауысым – 05.06.2023-16.06.2023 ж., 2 ауысым – 19.06.2023-30.06.2023 ж. 1 ауысымда лагерь басшысы – Хамзина С.А.
Барлығы 1 ауысымға 181 оқушы қатысты.
Жазғы сауықтыру алаңында оқушылар театр қойылымын, цирк өнерін тамашалап, музейге экскурсия жасады, түрлі үйірмелерге, спорттық іс-шараларға қатысып, бассейнге барды. Өткізілген іс-шаралар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.