"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 19 города Кокшетау отдела образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области"

     

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Марапаттау парағы

25.07.2023

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты:Шаймерденов Канат Киянбекович 

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры

3. Жынысы: ер

4. Туған жылы және туған жері:14.03.1966 жыл, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылсая ауылы 

5. Ұлты:қазақ

6. Білімі: Жоғары, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институты, 1992 жыл.

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы:жоқ. 

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен марапатталған және марапатталған күні: Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

9. Үйінің мекенжайы:Көкшетау қаласы, Красный Яр с., Целинная к-сі 1Б 

10. Жалпы жұмыс өтілі: 39 жыл

11. Саладағы жұмыс өтілі: 35 жыл

12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 5 жыл 8 ай

13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегі және өлшемшарттарды ескере отырып, балдары көрсетілген мінездемесі

Барлығы: 84,57 балл, оның ішінде: 

1. Шаймерденов Канат Киянбекович еңбек жолын 1988 ж. Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Павловка негізгі мектебінде дене шынықтыру мұғалімі ретінде бастады.1990-1992 жылдары Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Дөңгіл-Ағаш негізгі мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 1992-1995 жылдары Көкшетау облысы Көкшетау ауданы Дөңгіл-Ағаш негізгі мектебінде мектеп директоры қызметін атқарды. 1995-2018 жылдары №3 Красный Яр көпсалалы орта мектеп-гимназиясында директор болып жұмыс істеді.2018 жылдың қаңтар айынан бастап Көкшетау қаласы № 19 жалпы орта білім беретін мектебінде директор қызметін атқарып келеді- 5 балл.

2. 2009 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2011 жылы Көкшетау қаласының Алғыс хат, 2011 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, 2012 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2012 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы, 2014 жылы ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, 2015 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Алғыс хаты, 2015 жылы ҚР Президентінің Алғыс хаты, Ақмола облысы білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды- 3 балл.

3. 2010 жылы Көкшетау қаласы әкімінің Құрмет грамотасы-3 балл.

4. 2011 жылы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды–3 балл.

5. 2016 жылы Ақмола облысы әкімінің Құрмет грамотасы -1 балл.

6. 2019 жылы «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған куәлік - 5 балл

7. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы Ақмола облысы білім басқармасының № 163 бұйрығымен «Екінші біліктілік санатының басшысы» санаты берілді–2 балл

8. -

9. 2017 жылы «Инклюзивті білім беру: әдіснама, практика, технологиялар» Республикалық әдістемелік фестивалінде № 19 ОМ «Инклюзивті білім беру бойынша үздік ресурстық орталық (кабинет)» атағына ие болды – 2,5 балл

Оқушылардың жетістіктері: соңғы екі оқу жылында – халықаралық деңгей – 24 орын, республикалық – 23,облыстық – 19, қалалық – 104. Атап өтсек, 2021-2022 оқу жылында қалалық пәндік олимпиадада орыс тілі мен әдебиеті бойынша 5 сынып оқушысы Хайролла Амина 1 орын, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 6 сынып оқушысы Тулкибай Адина 1 орын, химия бойынша 7 сынып оқушысы Қожамжар Нияз 1 орын, Рустемова Джамиля ағылшын тілі бойынша 9 сынып оқушысы 1 орын, Семаева Диана биология пәні бойынша 9 сынып оқушысы 2 орын, Есбулат Медина орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 2 орын, Шайдулинова Айлана құқық негіздері пәні бойынша 9 сынып оқушысы 2 орын, Сәрсенбаева Айғаным орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша 10 сынып оқушысы 1 орын, Каримжанова Айнур қазақ тілі мен әдебиеті бойынша 11 сынып оқушысы 2 орын, Құрмантас Томирис орыс тілі мен әдебиеті бойынша 10 сынып оқушысы 3 орын, Мұса Перизат ағылшын тілі бойынша 11 сынып оқушысы 3 орын, Ахметжанова Анар құқық негіздері бойынша 11 сынып оқушысы 3 орын жүлделі орындарға ие болды. Сәрсенбаева Айғаным 8-11 сынып оқушылары арасындағы пәндік олимпиададан республикалық жүлдегері атанды. 2022-2023 оқу жылында қалалық пәндік олимпиадада Сәрсенбаева Айғаным орыс тілі мен әдебиеті бойынша 1 орын, Амангелдина Аяжан ағылшын тілі бойынша 2 орын, Гиззатова Шадияр құқық негіздері бойынша 3 орын, Қайырлы Әмина орыс тілі бойынша 3 орын, Қасымжанова Аңсаған қазақ тілі бойынша 3 орын.Облыстық пәндік олимпиадада Сәрсенбаева Айғаным екінші орын алып, республикалық кезеңде грамотамен марапатталды. 5-8 сынып оқушылары арасында Ғазизова Амира орыс тілі мен әдебиеті бойынша 2 орын, Нұрлан Нұрай қазақ тілі бойынша 3 орын, Жүсіп Аянат биология бойынша 3 орын, Ұлан Мирас биология бойынша 3 орын, Әділхан Мадияр тарих бойынша 3 орын.

1-7 сыныптар арасындағы «Зерде» және 8-11 сыныптар арасындағы ғылыми жоба байқауының жетістіктері:

 2021-2022 оқу жылы Қалалық ғылыми жоба қорғау барысында Семаева Диана 9 сынып оқушысы- І орын иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды, Петренко Ирина – 11 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; Теміржан Мөлдір, Бекбосынов Мағжан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, Ибраева Аида 11 сынып оқушысы ІІІ орын иеленіп, Марашан Ирина 8 сынып оқушысы ІІІ орын, Темергалиева Дильназ 8 сынып оқушысы ІІІ орын, Жапар Амина 8 сынып оқушысы ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

2021-2022 оқу облыстық кезеңі Семаева Диана 9 сынып оқушысы -ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Теміржан Мөлдір, Бекбосынов Мағжан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 2021-2022 оқу жылы 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының Қалалық кезеңі І орын - 2 оқушы Серікбай Замира, Газизова Алуа, ІІ орын – 4 оқушы Турубай Мейірлан, Әнісбек Айнур, Балташев Алданияз, Иманбаев Алишер; ІІІ орын – 2 оқушы Карпыкова Айлина, Нубай Фархана. 

 2022-2023 оқу жылы Қалалық ғылыми жоба қорғау барысында Мұсылманбек Әдемі – 3 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Серикбаева Армангуль – 6 сынып оқушысы ІІ орын иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды; Кусаинова Мадина, Баяхина Аружан 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды; Еркетай Томирис, Ильяс Мадина 10 сынып оқушылары ІІІ орын иеленіп, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. 

         2022-2023 оқу жылында Республикалық Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларының қалалық кезеңінде 9 «В» сынып оқушысы Әскер Аяулым «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы!» ғылыми жоба әзірлеу және қорғау номинациясы бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау нәтижесінде облыстық кезеңіне қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды. Байқаудың Республикалық кезеңіне Бас жүлдеге ие болды- 55, 07 балл.

10. №19 ЖББМ ресурстық орталығының мамандары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарымен сабақ жинағын әзірледі, Ақмола облысы білім басқармасының Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдістемелік кеңесінің 07.06.2021 ж. №3 отырысында қаралды/ жалпы ред. Жанғали І.Ә., - Көкшетау, 2021 – 190 б. ISBN 978-601-08-1286-4 УДК 376 ББК 74,3.- 1 балл.

11. -

12. Пән мұғалімдерінің жыл сайын баспа көздерде мақалалары жарияланады.Мысалы, Есмагулова Жулдыз Кайроллиновна, Бухарбаева Индира Абеновна, Амержанова Шынар Ботиевна, Адылова Ляззат Кайратовна, Сыздыкова Маншук Калихановна, Альжанова Бекзат Сабровна 2021-2022 жылы мақаларын «Өрлеу» баспасына жариялады-3 балл

13. -

14. -

15. 2019-2020 жылдар аралығында Халықаралық «Қазақстан ұстаздарының көшбасшылығы» бастамасының республикалық мектепаралық семинар, конференциялар, шебер сыныптарды ұйымдастыруда табысты жетістіктерге қол жеткізе алды. Серіктес мектептері арасында өзара тәжірибе бөлісу мен педагогиканы жетілдіру мақсатындағы бірлескен кәсіби қоғамдастықтың жетекші мектеп көшбасшылығын жүзеге асыруда. Білімнің жаһандану кезеңінде, әлемдік білім берудің озық тәжірибелерін мектептің оқу-тәрбие үдерісіне енгізіп, мұғалімдердің оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдерін, дағдыларын дамытуда «CLIL» пәндік-тілдік кіріктіріп оқыту технологиясын жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді (информатика, физика, химия,биология) оқыту үшін қолдануда – 1 балл.

  Шаймерденов Канат Киянбекович ұжымның ортақ құндылыққа, ортақ мақсатқа, ортақ ұстанымға бірлесіп әрекет етуге, мұғалімдер арасындағы көшбасшылықты дамытуға және кәсіби педагогикалық қоғамдастық арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейінің дамуына, мектеп мәдениетінің қалыптасуына қолайлы жағдай жасауды басты міндеті деп санайды.Мектепте білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде жаппай біліммен қамту бағытында орасан еңбек атқаруда. Мұғалімдердің тәжірибесін, педагогикалық шеберліктерін шыңдауда қалалық, облыстық, республикалық деңгейде өтетін жобалар, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен форумдар, кәсіби сайыстарға, біліктіліктерін арттыру курстарына қатысуға бағыттап, мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейінің сапасын арттыруға бағыттап отырады.  

 

Кандидатура «Ақмола облысының білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ комиссиясының 2023 жылғы 10 маусымдағы №4 хаттамасы бойынша талқыланған және ұсынылған.

«Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы

Просмотров: 156


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст