Текст
«Біздің жерлестеріміз-Ауған жауынгерлері»
15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне 28 жыл толуына орай мектеп кітапханасының
ұйымдастыруы мен «Біздің жерлестеріміз- Ауған жауынгерлері» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырылды.
Көрмеде Сайлан Болат «Ауған соғысының ақиқаты (1979-1989)», Бокенов Ж «Батырлардың тұйғыны ғалымдардың жүйрігі (естеліктер жинағы)» атты кітаптар мен «Ауғанстан жүректегі жара», «Хабарсыз кеткен соңғы солдат», «Ерлікке әрқашан бас иеміз!», «Құпиясы мол, табиғаты бөлек соғыс еді» атты мақалалар ұсынылды. Көрмені 5-10 сынып оқушылары тамашалады. Білгілері келген жауынгерлер туралы толық мағлұмат алды.