Алғашқы әскери төлқұжаттарды табыстау рәсімі
«Жастар-Отанға» Нұр Отан партиясының проекті бойынша қазақстандық патриотизм тәрбиелеу мақсатында 15
наурыз күні дәстүрлі іс-шараға айналған біздің 10-11 сыныптарының 28 оқушылары алғашқы әскери
төлқұжаттарды алуына арналған салтанатты жиын болды. Оған Қорғаныс басқармасының подполковнигі
Амиржанов Р.Ж. және Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Кусаинов Ж.К. қатысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабы бойынша «Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi».
Және де «Отан қорғаушы» атты қалалық әскери-спорттық жарыста мектебіміз командалық ІІІ орынға ие болды. Жеке жарыста 11 сыныптың оқушылары Серикпаев Сұңғат пен Кейзеров Владислав бірінші орынды иеленді.