Текст
Құрметті әріптестер, ата-аналар, Көкшетау қаласының №19 орта мектебінің оқушылары!
Баршаңызды мектептің ашылуына 30 жыл толуымен құттықтаймын. Осы жылдар бойы мыңдаған түлектер мектепті бітіріп, өмірден өз орындарын тауып, еңбекте тамаша жетістіктерге жетуде. Мектептің педагогикалық қызметкерлер ұжымы – оқу ұйымының нағыз мақтанышы. Сіздерге зор денсаулық, өскелең ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту ісінде табыс тілеймін!
Құрметпен, Ибраев Марат Өмірбайұлы, мектептің бірінші директоры (1990-1997 ж.), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, саяси ғылымдарының кандидаты, Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы.