Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасының жаңа кезеңіне жол ашатын және мемлекет болып қалыптасудың тұғыры, әлеуеті зор қуатты елдің мерекесі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Біз — қазақстандықтар, өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір, жаңа бастамаларда тек қана сәттілік, отбасыларыңызға амандық, бақыт және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.
Еліміздің болашағы баянды, келешегі кемел, бірлігіміз берекелі, татулығымыз берік болсын!