Қадірлі ұстаздар, ата-аналар, қымбатты оқушылар!
Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін күрескен ата-бабаларымыздың асқақ армандарының орындалған күні.
Бүгінде бабаларымыз салған сара жолымен жүріп, еліміздің тарихын сақтап, алдыңғы қатардағы мемлекет құруға ат салысу, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, бар ынта-жігерімізбен жұмыс жасау – біздің борышымыз.
Тұғыры-тыныштық, тірегі-тұрақтылық, тілегі татулыққа негізделген Қазақ елі бүгінде ғаламдық аренада кеңінен танылып, Қазақстан халқының бейбіт өмірі дүниежүзінде үлгі болып келеді.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, молшылық, бейбітшілік тілеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық, мемлекетіміз мәңгі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
С наилучшими пожеланиями директор школы Шаймерденов К. К