Анықтама 10 қараша күні мектебімізге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының мамандары арнайы келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

         10 қараша күні мектебімізге Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының мамандары арнайы келіп, 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

           Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге жоғары оқу орындары туралы ақпарат беру, білім беру бағдарламаларымен таныстыру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету.

           Кездесу барысында мамандар университеттердегі оқу мүмкіндіктері, білім беру бағыттары, қабылдау талаптары мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті мәліметтер алды.

          Осындай кездесулер түлектердің кәсіби бағдарын айқындап, болашаққа сенімді қадам жасауына және саналы түрде мамандық таңдауына үлкен мүмкіндік береді.