Әскери-патриоттық бағыттағы кездесу

Әскери-патриоттық бағыттағы кездесу

          7 қазан күні мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен әскери-патриоттық бағытта кездесу өтті.

           Кездесуге әскери қызмет бойынша инспектор Ахметов Сағымжан Сайлаубекұлы арнайы қатысып, оқушыларға әскери қызмет, әскери оқу орындары, Отан алдындағы азаматтық борыш және әскери мамандықтардың маңызы туралы құнды ақпарат берді.

          Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери салаға қатысты қажетті мәліметтер алды.

          Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру