«Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
Анықтама
2026 жылғы 22 қазан күні Республика күніне орай 8-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпағы» атты зияткерлік сайыс өткізілді.
Сайыстың басты мақсаты – оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту, логикалық тұрғыдан ой қорытуға үйрету, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихын, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Зияткерлік сайыс барысында оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара білім додасына түсті. Сайыс кезеңдерінде қатысушылардың білім деңгейі, шапшаңдығы, логикалық ойлау қабілеті және топпен жұмыс жасау дағдылары сынға түсті.
Оқушылар сайысқа белсенді қатысып, өздерінің жан-жақты білімдерін, зеректігі мен алғырлықтарын танытты. Іс-шара қызықты әрі тартысты өтіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Осындай зияткерлік сайыстар жас ұрпақтың білімін шыңдап, ой-өрісін кеңейтуге, елін сүйетін, білімді де саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
