5–6-сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.

            7 қазан күні мектебімізде Назарбаев Зияткерлік мектебінен (НЗМ) арнайы келген маманның қатысуымен 5–6-сынып оқушылары арасында сауалнама жүргізілді.

    Сауалнаманың негізгі мақсаты – оқушылардың білім алу үдерісіне деген көзқарасын, қызығушылықтары мен жеке пікірлерін анықтау, сондай-ақ олардың ой-пікірлерін зерделеу болды.

    Сауалнама барысында оқушыларға түрлі сұрақтар ұсынылып, олар өз жауаптарын еркін білдіруге мүмкіндік алды. Оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

   Мұндай зерттеу жұмыстары оқушылардың пікірін ескеруге, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.