Қарттар күні
АНЫҚТАМА
Қарттар күніне арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
Қарттар күніне орай қазан айында мектебімізде танымдық, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың мақсаты – оқушыларды үлкенді құрметтеуге, қарттарға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту.
1 қазанда «Асыл жандарға – мың алғыс!» тақырыбында қарттармен кездесу және мерекелік концерт өткізілді. Оқушылар өнер көрсетіп, үлкендерге ізгі тілектерін білдірді.
5 қазанда 1–11-сыныптарда «Қариялар – елдің қазынасы» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар үлкенге құрмет көрсетудің, отбасындағы ата-әженің орнын бағалаудың маңызы туралы ой бөлісті.
6 қазанда 3–4-сынып оқушыларының қатысуымен «Ата жолы – ақ бата» атты челлендж ұйымдастырылып, үлкендерден бата алу дәстүрі насихатталды.
«Қарияларға қамқорлық көрсетейік» акциясы аясында 5–11-сынып оқушылары мен мектеп парламентінің қатысуымен қарттарға көмек көрсету жұмыстары қолға алынды. «Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша волонтерлік жұмыстарды ай бойы жалғастыру жоспарланды.
7 қазанда 5-сынып оқушылары арасында «Асыл сөз – атадан, ақыл – әжеден» тақырыбында мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер сайысы өткізілді. Сайыс барысында оқушылар халық даналығын танып, сөз мағынасын түсіндіру дағдыларын көрсетті.
Апта бойы 1–11-сынып оқушылары «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында бейнеқұттықтаулар дайындап, қарияларға алғыстары мен жылы лебіздерін жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DeQ85bLKSa-/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
8 қазанда 6–7-сыныптарда «Ата-әже – отбасының берекесі» тақырыбында әңгіме өткізіліп, ақылын айтуға, өнегесін бөлісуге арналған бейнематериалдар ұсынылды.
9 қазанда 8–9-сынып оқушылары үшін «Ұрпаққа үлгі – ұлағатты қария» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында қариялар өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларды адал еңбекке, жауапкершілікке және адамгершілікке шақырды.
https://www.instagram.com/reel/DezHaTCKuzI/?utm_source=ig_web_copy_link&srtk=MzRlODBiNWFlZA==
Қорытынды: өткізілген іс-шаралар оқушылардың үлкендерге құрметін арттыруға, мейірімділік пен қамқорлық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталды. Қарттарға қолдау көрсету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.
Дайындаған:А.К. Таттыгожина