2026 жылғы 16 қазанда 5-сынып оқушылары арасында танымдық викторина өткізілді.
2026 жылғы 16 қазанда 5-сынып оқушылары арасында танымдық викторина өткізілді.
Викторинаның мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын дамыту, сондай-ақ білімге деген қызығушылығын ояту.
Іс-шара барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен танымдық қабілеттерін көрсетті. Викторина оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға, өз пікірін еркін жеткізуге және алған білімдерін қолдануға мүмкіндік берді.
Оқушылар викторинаға белсенді қатысып, қызығушылық танытты. Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың білімін жетілдіріп қана қоймай, олардың ізденімпаздығын, зейінін және өзара қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.