«Болашағыңды таңда» – болашаққа жасалған маңызды қадам!

           «Болашағыңды таңда» – болашаққа жасалған маңызды қадам!

 

            2026 жылдың 4 қараша күні 9-сынып оқушылары арасында «Болашағыңды таңда» тақырыбында оқу орындарымен таныстыру жұмысы өткізілді.

 

           Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру, колледждер мен оқу орындары туралы ақпарат ұсыну, білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру.

 

           Кездесу барысында оқушыларға оқу орындарының мамандықтары, қабылдау талаптары, оқу ерекшеліктері мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ жоспарларын айқындауға мүмкіндік алды.